«Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме Заңғар ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу болып табылады.
Мекен жайы: | 140906, Павлодар ауданы, Заңғар ауылдық округі, Заңғар ауылы, Абылайхан көшесі 4 |
Телефон: | +7 (71845) 57-2-02 |
e-mail: | zangarskiy.so.apr@pavlodar.gov.kz |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған