"Павлодар ауданы Рождественский ауылдық округі әкімі аппаратының Розовка ауылының Мәдениет үйі" МКҚК директорының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс.

"Павлодар ауданы Рождественский ауылдық округі әкімі аппаратының Розовка ауылының Мәдениет үйі" МКҚК директорының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс.

 

         

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Павлодар Ауданы Рождественка ауылдық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  «Павлодар ауданы  Рождественка ауылдық округі әкімі аппаратының Розовка  ауылының  Мәдениет  үйі» КМҚК директорнының бос лауазымынына  орналасуға  ашық  конкурс жариялайды.

Еңбекақы төлеу санаты: А-1-4, лауазымдық айлықақысы жұмыс өтіліне байланысты 

(304 720-дан 320 000-ға дейін).

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140918, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Розовка ауылы, Абай көшесі, 38 Б, тел/факс: 8(718) 45 54 472.

Функционалдық міндеттері:

  • Мәдени-демалыс ұйымының қызметіне басшылық етеді;
  • Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық  жұмыстардың іске асырылуын

       ұйымдастырылады;

  • Кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметіне, сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы күрес жұмыстарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

  • Байқаулар мен фестивальдерді, халық шығармашылығы  конкурстарын, көркемөнерпаздар

      ұжымдары басшыларының семинарларын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді;

  • Әдістемелік құралдарды, сценарийлерді әзірлеу, репертуар жасау үшін білікті мамандарды тартады;
  • Қызметкерлердің біліктілігін  арттыруға  жағдай  жасайды, шығармашшылық бастамаларын

      ынталандырады;

  • Өндірістік және еңбек тәртібінің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігі

      Талаптарының сақталуын бақылайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Білімі: Тиісті даярлау бағыт тары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени -демалыс  жұмысы).

Жұмыс өтілі: Мәдениет  саласында немесе басқарушылық лауазымдарда кемінде  3 жыл; Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін кемінде  5 жыл; ҚР Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқуын аяқтаған тұлғалар үшін кемінде  2 жыл.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, еңбек кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Мемлекеттік сатып алу туралы» зандарын және өзге де нормативтік  құқықтық  актілерді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.Мемлекеттік  және орыс тілдеріндегі түйіндеме  (резюме);

3.Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4.Еңбек қызметін растайтын құжаттар (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

  1. № 075/у нысанындағы медициналық анықтама.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: Хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Мекенжай: 140918, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Розовка ауылы, Абай көшесі, 38 Б.

Анықтама телефоны: 54-1-81.