«Ұршық қазақ халқының мұрасы»

«Ұршық қазақ халқының мұрасы»

Бұрындары әжелеріміз ешкінің жүнін қырықпай-ақ, тарақпен тарау арқылы түбеттерді жинап алатын және оларды ұршықпен үйіріп түрлі қолғап, күртешелер, орамалдар тоқитын.Ұршық иіру қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі.Қазақ халқының ежелден күн –көрісі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты болған. Ол сойсаң-азық, кисең киім,мінсең-көлік болып, елдің тіршілігінің тірегі болып табылған. Бұрыннан –ақ қазақтың амандасуы «Мал-жан аман ба?» деп басталған. Осыдан-ақ қазақ халқы үшін малдың маңызы мен қасиеті болғандығын түсінуге болады. Қазақ халқының өмірінде осы төрт түлік малдың жүні үлкен қызмет атқарады және оны пайдалануды мыңдаған жыл бұрын білген.Жүннен тоқылған бұйымдар мықты , шыдамды, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы және жеңіл.

№ 2 ЧЖББ мектебімен бірігіп бұл ұлы өнер түрін жаңғырту мақсатында шеберлік сағаты  өтті. Оған қыз-келіншектермен қатар мектеп оқушылары да белсене қатысты. Соңы жаңғырту ретінде , балаларға ұршық иіруді үйретейік,соңы ары қарай көрсетейік деп. Гүлзия Нұрпейісова мастер –класс көрсетті.Бірінші көргенде қыздар қызықты. Бұл не деп қызығып сұрады. «Ұршық « деген не, сұраққа түсіндірме бердік.«Ұршық – шүйкеленген жүнді немесе матадан жіпселеп суырылған қыл­шаларды иіріп жіп жасауға арналған жеңіл құрал. Ұршық бірнеше бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – басы. Ол ағаш, мүйіз, тас, сүйек, қыш, қорғасын сияқты әртүрлі заттан жасалып, дөңге­лек пішінді дәл ортасында тесігі болады. Осы тесікке сап өткізіледі. Сап ұршық басынан жартысүйем шығып тұрады. Саптың ұшар тұмсығын тесіп, иірілген жіпті қозғалтпай ұстап тұратын тиек істетті кішкентей ағаш мұрындық өткізіледі. Сол сияқты дөңгелек ұршықбастың бір шетін керіп, жіп сусып кетпейтін тетік жасайды. Ұршықтың иірілген жіп жиналатын тұсын, яғни сабының бауырын алқым дейді. Осы алқымға толған жіпті «бір көз толма» деп атайды. Ұршық жоғарыда біз айтқан бөліктерден кез­дейсоқ құрала салмайды. Оның өз есебі, қисыны, өлшемі бар. Мысалы, басының салмағы үлкен бол­ған сайын тесігі зораяды да, сабы жуан болады. Жуан сапқа берік мұрындық бекітіледі. Яғни иірілетін мата немесе жүннің түрі мен сапасына бай­ланысты ұршықтың ауыр, жеңіл, орташа түр­лері қолданылады. Яғни ұршықты күрделі геометриялық формасын білетін адам ғана жасайды. Нақтырақ айтсақ, сабы мен басының қозғалыс үйлесімі дәл келуі шарт. Олай болмаса, ұршық дұрыс айналмайды да, иірілген жіп ширатыл­май жүнжиді.Бір қызығы Еуропа елдерінде жүйкесі сыр беріп, депрессияға ұшыраған науқастарды емдеу үшін тоқыма тоқу тәсілі кең қолданылады екен. Себебі, тоқу жұмысы миды демалтып, шаршағанды басады. Сондай-ақ, қан қысымының төмендеуіне септігі орасан. Мамандардың айтуынша, оның тигізер септігі йогамен айналысқанмен бірдей екен.Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін қайта жаңғырту. Ұлттық қолөнердің асыл жауһары ұршықпен жіп иіруді қазіргі кезде де тиімді пайдаланып түрлі бұйымдар жасауға болатынын насихаттау

Іс-шараның міндеті: Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін қайта жаңғырту. Ұлттық қолөнердің асыл жауһары ұршықпен жіп иіруді қазіргі кезде де тиімді пайдаланып түрлі бұйымдар жасауға болатынын насихаттау.

Ата-бабадан келе жатқан ұлттық дәстүрді сақтау. Қазақ халқының ұлттық қолөнер бұйымдарын зерттеу. Ұршықты пайдалану жолын зерттеу. Ұршықпен иірілген жіптерден қандай бұйымдар жасауға болатынын білу.

Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып, салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту,ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу.

 

                                                                                                                               Кітапханашы: Раушан Жампеисова