Жастар тәжірибесі барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Жастар тәжірбесі уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады.
Кезекті қаржы жылына жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, жұмыскерлердің тізімдік санының 20% - ынан аспайды.
Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы он екі айдан аспайды.
Жастар тәжіибесі өткен үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және жиырма тоғыз жастан аспаған, алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы арналған.
Жұмыс беруші құрған жұмыс орындары бітірушінің ұлттық кәсіптер сыныптауышының сол сабақтар тобына жататын білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) немесе ұқсас кәсіпке (мамандыққа) сәйкес келеді.
Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
- жеке басты куәландыратын құжат;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.
Жеке басын куәландырғаннан кейін және деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар жұмыссызға қайтарылады.
Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарға олардың келісімімен жастар тәжірибесіне жолдама береді.
Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығы берген жолдама бойынша жүгінген жұмыссыздарды жастар тәжірибесіне қабылдайды.
Жұмыс беруші мен жастар тәжірибесіне қатысатын жұмыссыз арасында Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шарты жасалады.
Жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді.
Жұмыс беруші жұмыссызға кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.
Жастар тәжірибесінен өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.
Жастар тәжірибесі бойынша еңбек қызметін тоқтатқан жұмыссыздар жұмыс беруші таратылған немесе жұмыс беруші жастар тәжірибесін ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайларда қалған жұмыс істемеген мерзімге басқа жұмыс берушіде жұмысын жалғастырады.
Жастар тәжірибесіне қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан адамдар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысады.
Жұмыссыздардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес он екі айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, жұмыссыздың айлық жалақысының мөлшері кемінде отыз айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақы белгілейді.
Азаматтардың қатысу шарттары және жастар тәжірибесін ұйымдастыру тәртібі "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады.