Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкім аппаратының негізгі міндеттері әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу болып табылады.
Мекен-жайы | Павлодар облысы, Павлодар ауданы,.Чернорецк ауылы, 1 Мая көшесі 3 |
Байланыс телефоны | :87184550575 |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған