Жаңа идеялар – жаңа тәсілдер

Жаңа идеялар – жаңа тәсілдер

2024 жылдың 22 қарашасында Павлодар ауданы Заря ЖОББМ базасында серіктес мектептерінің НЗМ жетекші мектебінің жұмысы аясында «Ауылдық жерлердегі трек мектептер әлеуетін дамыту» жоба шеңберіндегі тәжірибе алмасу семинар өтті.

Семинар екі бөлімнен  тұрды. Бірінші бөлім Заря ОМ ұстаздары 9 сабақ көрсеті, онда мұғалімдер өздерінің педагогикалық идеяларымен, белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерімен бөлісті.

Екінші бөлімде НЗМ мұғалімдері семинар жоспарлап өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің 77 мұғалім қатысты.

Іс-шаралардың тақырыптары жаңартылған білім беру мазмұнының әртүрлі бағыттарын қамтыды: функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды әзірлеу, сабақтарда формативті бағалаудың  түрлерін қолдану, Блум таксономиясы бойынша әр түрлі санаттағы оқушыларға сараланған тапсырмаларды орындау, оқушылардың оқу нәтижелерін жақсарту үшін интерактивті технологиялар пайдалану қамтылды.

Семинардың рефлексиясында мұғалімдер жүйеде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді іс жүзінде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасының оң динамикасына шынымен әсер ететінін айтты.

Семинар жетекші және серіктес мектептердің мұғалімдеріне практикалық іс-әрекеттері бойынша үздік шығармашылық идеялармен алмасуға мүмкіндік берді.