«ҮЗДІК АУЫЛ МҰҒАЛІМІ-2024»

«ҮЗДІК АУЫЛ МҰҒАЛІМІ-2024»

2024 жылдың 15 қаңтар күні онлайн форматта «Үздік ауыл мұғалімі -2024» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.

Конкурстың  мақсаты ауылдық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін анықтау, қолдау және көтермелеу, мұғалім мамандығының беделін арттыру.
           Конкурсқа ауданның 10 мектебінен 14 педагог қатысты. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың бейнесабақтарын онлайн форматта бағалады.
           Қазылар алқасының шешімдеріне сәйкес I орынды Ямышев  ЖОББМ химия  және биология  пән мұғалімі Маней Рая ие болды. II орынды Жаңа қала НЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Камалова Мугульсум Балташовна   және Жамбыл бастауыш мектебінің  мұғалімі Жумалина Сулушаш Дюсембаевна иеленді. III орынды Ямышев  ЖОББМ ағылшын тілі пән мұғалімі Әмірбек Әлем Нұржанқызы, Ольгинка ЖОББМ ағылшын тілі пән  мұғалімі Касенова Анель Турсыновна, Кеңес НЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бауыржан Нурзат иеленді. Қазылар алқасының ұсынысына сәйкес «Үздік ауыл мұғалімі-2024» конкурсының облыстық кезеңіне Ямышев  ЖОББМ мұғалімі Маней Рая, Жаңа қала НЖББМ бастауыш сынып мұғалімі  Камалова Мугульсум Балташовна және Жамбыл бастауыш мектебінің  мұғалімі Жумалина Сулушаш Дюсембаевнаның  құжаттары ұсынылды. Құттықтаймыз!