
2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» білім беру орталығымен бірлесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізді.
Аталған беделді білім додасында ауданымыздың абыройын Черноярка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Туленова Гүльдана Қайыржановна жоғары деңгейде қорғады.
Ол өз кәсіби шеберлігін, терең білімін және шығармашылық әлеуетін айқын көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жеңіс құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!