«ProEco» экологиялық жоба

«ProEco» экологиялық жоба

2026 жылы 3 наурызда Бірлік жалпы орта білім беру мектебінде 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.  

        Байқаудың  қорытындысы бойынша «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломға Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің оқушысы Трайспаева Сайда, ІІІ дәрежелі дипломға №1 Чернорецк жалпы орта білім беру   мектебінің 7- сынып оқушысы Солтхан Нұрайым ие болды.

      «Үздік экологиялық бастама» бағытында Сычевка негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Бердюгина Екатерина І дәрежелі диплом, Мичурин мектебінің 8-сынып оқушылары Сулеймен Аспандияр мен Казанцева Сабрина ІІ дәрежелі диплом, №1 Чернорецк жалпы орта білім беру   мектебінің оқушысы Ален Інжу ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

     «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша  І дәрежелі дипломды  Шақат жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ширяев Алексей, ІІ дәрежелі дипломды Розовка жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы  Собянина Карина иеленді.

     Аудандық кезеңінің жеңімпаздары наурыз айында өтетін «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне жолдама алды

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!