
Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастыруымен өткен «Әдістемелік десант» жұмысы аясында кері байланыс берілді.
2025 жылғы 2 наурыз күні Шақат ЖОББМ базасында жас педагогтер заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану, сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және білім сапасын арттыру бағытында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, оқытудағы тиімді практикалық тәсілдерімен бөлісті. Қатысушылар әдістемелік десанттың мазмұнды, тәжірибеге бағытталған әрі кәсіби дамуға серпін бергенін атап өтті.
Бірлескен жұмыс – сапалы білім кепілі!