
Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылғы 28 — 31 қаңтар күндері 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты — балаллардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен 530-ден астам жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, оның ішінде Павлодар облысынан 14 жобамен 20 оқушы қатысты. Конкурс 6 секция бойынша өткізілді: информатика, робототехника, STEM инженерия; математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; медицина, психология, экология.
Конкурстың медицина, психология экология бағытының қорытындысы бойынша Павлодар ауданының Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің 4- сынып оқушысы Ибраев Али ІІ орынға ие болды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!