7-8 сынып оқушылары арасында облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

7-8 сынып оқушылары арасында облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 30 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

         Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

         Олимпиада қорытындысы бойынша   Павлодар ауданы Заря жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Қыстаубайұлы Мұстафа І орынға ие болды.

          Жеңімпазды құттықтаймыз!