Павлодарда «Жағдаяттық қазақ тілі курсы» атты бағдарламасы бойынша қазақ тіліне оқыту басталды

Павлодарда «Жағдаяттық қазақ тілі курсы» атты бағдарламасы бойынша қазақ тіліне оқыту басталды

Павлодарда ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Жағдаяттық қазақ тілі курсы» атты бағдарламасы бойынша қазақ тіліне оқыту басталды.

Курстың мақсаты – жеке азаматты тілдік ортаға бейімдеу арқылы кешенді тәсіл негізінде қазақ тілінде қарым-қатынас жасаудың жағдаяттық процесі бар нақты тілдік ортаның жайлы аймағын құру болып табылады.

Аталған курс қазақ тілін үйренушілер үшін қолайлы тілдік орта құруға, әлеуметтену деңгейін және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын арттыруға, қазақ тілінің тілдік брендін дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар тыңдаушылар әр ауқымдағы тапсырмаларды орындау арқылы ақпараттық технология негізін толық пайдалану мүмкіндігіне жол ашады. Тіл үйренуші баспа күйіндегі немесе QR код арқылы тапсырмаларды орындай алады.

Аталған «Жағдаяттық қазақ тілі» курсына 45 тыңдаушы қатысуда. Сабақтар аптасына бес рет, екі ай бойы өткізіледі. Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.