Шарбақты ауданында тіл саясаты мәселелері талқыланды

Шарбақты ауданында тіл саясаты мәселелері талқыланды

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28 сәуірде Шарбақты ауданында «Тіл – рухани қазына» тақырыбында көшпелі семинар өтті.

Шараға Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. А.Ф. Зейнулина, «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының төрағасы Х. Жанарыс, облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілдері, Шарбақты ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Р.А. Негманова, сонымен қатар аудандық мектептердің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, ішкі саяст және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары және «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының мүшелері қатысты.

Семинар мақсаты өскелең ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру мен ұлт құндылықтарын шәкірт санасына сіңдіру тұрғысындағы ұстаздардың рөлін арттырыуға бағытталған.

Шара барысында қала, аудандардағы мамандарға ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары да түсіндіріліп, көрнекі ақпарат мәселесіне қатысты заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.

Сондай-ақ мәжілісте ономастика саласы да ескеріліп мектеп атауларын өзгерту тәртібі түсіндіріліп, осы жұмысты жүргізу барысында бағыт-бағдар берілді.

Семинар соңында ауданда тіл саясаты жұмыстарына үлес қосқан азаматтар басқарма басшысының алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.