«Ұлттық ономастика-ел айнасы» атты облыстық конкурсы

«Ұлттық ономастика-ел айнасы» атты  облыстық конкурсы

2025 жылдың 11 сәуірінде «Ertis»  музейінде (М. Исиналиев к.,2) облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика-ел айнасы» атты  облыстық конкурсы өтті.

Шараға қала, аудандардағы мәслихат өкілдері, ауылдық округ әкімдіктері мен ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдерінің ономастика саласымен айналысатын мамандары қатысты. Конкурс 3 кезеңнен тұрды.

Шараның мақсаты – ономастика саласымен айналысатын мамандарды ынталандыру, атау беру және қайта атау жұмыстары кезінде қолданылатын  заңнамалық актілерді пысықтау, өңіріміздегі тарихи-танымал жерлер (тау, өзен, көл, т.б.) бойынша біліктілігін жетілдіру  және қолданыстағы «Тарихи тұлғалар» тізіміне енген жерлестеріміз туралы ақпараттық танымын арттыру.

Қатысушыларды бағалайтын қазылар алқасына жергілікті ЖОО-ның ғалым-профессорлары, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері және өлкетанушылар енді.

Конкурс нәтижесі бойынша бірінші жүлделі орынға Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қайдарова Мира ие болды, екінші орын Баянауыл ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Елубаева Данаға берілсе, үшінші орынды Ақсу қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы Алпысбаева Бибігүл жеңіп алды.