Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде «Қазақ тілі» онлайн-курсы атты жобасы бастау алды.
Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тыңдаушыларды қазақ тілінде жиі кездесетін сөздерді қолдана отырып, еркін және дұрыс сөйлеуге үйрету.
Жалпы сабақтар онлайн режимде өтуде. Жоғарыда аталған жоба бойынша жылдың соңына дейін қазақ тіліне 150 адамды оқыту жоспарланған.
Курсқа қатысушылар қазақ тіліндегі мәтіндерді оқып, өзара диалогты жалғастырады. Әр тақырып тестілеумен қорытындыланады. Сабақ барысында ауызекі сөйлеуге басты назар қойылған. Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.