«Жер-су атауларының қалыптасу тарихы» облыстық форумы

«Жер-су атауларының қалыптасу тарихы» облыстық форумы

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ағымдағы жылдың 27 қарашасында сағат 15.00-де Достық үйінде (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1, үлкен мәжіліс залы) «Жер-су атауларының қалыптасу тарихы» облыстық форумы өтті.

Шараның мақсаты – тарихи жер-су атауларын нақты тарихи деректер негізінде зерделеп, өңіріміздегі идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендердің тарихи атауларын анықтау. Осы атаулардың маңыздылығын халық арасында насихаттау.

Аталған іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, г.ғ.д. Қуат Табылдыұлы Сапаров, Астана қаласындағы Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Гүлназ Төкенқызы, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Бекен Сағындықұлы, Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. Амантай Жетпісұлы  Құдабаев сынды қаламыздың бетке ұстар жоғары оқу орын ғалымдары, сондай-ақ өңіріміздің өлкетанушылары, тарих, география пәндерінің мұғалімдері, тіл жанашырлары мен қала-ауданның тіл саясатына жауапты бөлім қызметкерлері қатысты.

Шара соңында өңіріміздегі елді мекен атауларын жан-жақты зерттеп жүрген ғалым, өлкетанушылар басқарма басшысының алғысхатымен марапатталды.