Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 25 шілдеде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің қала, аудандардағы филиал төрағаларының қатысуымен кездесу өтті.

Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы арнайы қатысып, қоғамдық бірлестік өкілдеріне облыстық филиалының төрағасын таныстырып, мемлекеттік тілдің өңірімізде кеңінен қолданылу бағытындағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар кездесу барысында өңіріміздегі тіл саясатының жүзеге асырылуы, атқарылған шаралар туралы сөз қозғалып, қала, аудандардағы филиал өкілдеріне мемлекеттік тілге қатысты туындаған мәселелерді дер кезінде әрі оңтайлы шешу бойынша бағыт-бағдар берілді.

Жалпы «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі қазақ тілін, сондай-ақ халқымыздың мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып үйренуге, әдет-ғұрпын сақтап, оны одан әрі дамытуға ынтызар қазақстандықтардың басын біріктіретін ұйым.

Кездесуге қала, аудандардағы мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен филиал өкілдері қатысты.