2023 жылғы 26 қаңтарда Тауасқан Медет Алпысбайұлы Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды

2023 жылғы 26 қаңтарда Тауасқан Медет Алпысбайұлы Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды

Медет Алпысбайұлы, 1986 жылы туылған, жоғары білімі бар. 2016 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Тәрбиелік жұмыс басқармасы маманынан бастады.

2008 - 2018 жылдар аралығында Успен ауданы Сауық орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2018 жылдан 2019 жылға дейін Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарды.

2021 жылдан бастап соңғы атқарған лауазымы – Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары.