«Қазақ тілін білу – патриотизмнің белгісі» атты дөңгелек үстел

«Қазақ тілін білу – патриотизмнің белгісі»  атты дөңгелек үстел

2023 жылғы 27 қаңтарда Ақсу қаласының орталық кітапханасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің мәртебесін арттыру және үлгі ету мақсатында Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп өзге ұлт өкілдеріне арналып ұйымдастырылған «Қазақ тілін білу – патриотизмнің белгісі» атты дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелге Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тауасқан Медет Алпысбайұлы, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбәкіров, тіл жанашырлары және мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты.

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі жетекші маманы Гаркава Елена Васильевна, Ақсу қаласының ішкі істер бөлімі кезекші бөлімінің жедел кезекші полиция майоры Хашиев Фарух Юлдашбекович, Сарышығанақ орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Рафик Раифович Хусаинов мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы туралы баяндамалар оқыды.

Шара соңында қатысқан қонақтарымыз өз пікірлерімен бөлісіп, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тауасқан Медет Алпысбайұлы Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасын құрметті демалысына шығуымен облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың атынан құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.