Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде барлық санаттағы азаматтар үшін қазақ тілін тегін оқыту курстарын өткізеді.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген азаматтарды қазақ тілін меңгертуге бағытталған тегін курстарға шақырамыз. Сабақтар аптасына бес рет, екі ай бойы өткізіледі.

Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым коммуникативтік сөз тіркестерін қолдану, қарапайым мәтіндерді аудару және жай сөйлемдерді құрастыру дағдыларына ие болады.

Қазақ тілі курстарына жазылуға және қосымша ақпаратты 61-84-88 телефоны арқылы алуға болады.

Жалпы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2022 жылы облыс бойынша 6100 адам қазақ тіліне тегін оқытылды.

Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тіл керуені», қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up», «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік», «Қазақ тілі онлайн курсы» атты жобалар іске асырылды.