2022 жылғы 26 желтоқсанда Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық архивінде Архившілер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Салтанатты іс-шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының м.а. М.А. Тауасқан, сонымен қатар Павлодар облысы архив ісінің қызметкерлері мен архив саласының ардагерлері қатысты.

Ұзақ жылғы абыройлы еңбектері мен архив ісін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті атынан «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен Артықбаева Саян Ғабдұлжапарқызы, Дүйсенбина Баян Мүбаракқызы, Есімханова Күләш Оразымбетқызы, Қалиева Құралай Балғабекқызы, Сәрсенғалиева Әсемгүл Шайманқызы, Сүлейменова Салтанат Бесжанқызы, Покидаева Татьяна Евгеньевна марапатталды.

Бірқатар сала үздіктеріне облыс әкімі орынбасарының, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің алғыс хаттары табыс етілді.

Сонымен қатар шараға қатысушыларға фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылып, ән-жырдан шашу шашылды.