«Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты республикалық байқауы

«Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты республикалық байқауы

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 25 қарашасында Астана қаласында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты республикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Байқаудың мақсаты – ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу, тіл саясатын жүзеге асыруға белсенділік танытып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, ынталандыру.

Республикалық байқауға кәсіпкерлік субъектілерінің жарнама мәтінін әзірлейтін және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандар мен жеке азаматтар қатысады.

Байқау нәтижесі бойынша қатысушылар диплом, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Аталған қонкурсқа облыстық «Сауатты жарнама» байқауының жеңімпазы, Павлодар педагогикалық университетінің студенті Нұғман Лейла қатысатын болады.