Павлодарда барлық санаттағы азаматтарға арналған «Қазақ тілі» онлайн курсы бастау алды

Павлодарда барлық санаттағы азаматтарға арналған «Қазақ тілі» онлайн курсы бастау алды

Павлодарда ағымдағы жылдың қазан айында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін «Қазақ тілі» онлайн курсы бастау алды.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тілді меңгеру, тыңдаушыларды қазақ тілінде жиі кездесетін сөздерді қолдана отырып, еркін және дұрыс сөйлеуге үйрету, сондай-ақ тұрмыстық, әлеуметтік, ресми-іскери мазмұндағы лексиканы тіл қолданушыға меңгерту және ой-пікірін қарапайым деңгейде жеткізуге дағдыландыратын грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады.

Аталған курс тыңдаушылары «ZOOM» платформасы арқылы курстарға онлайн түрде қатысуда.

Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.

Жалпы облыс бойынша 2021 жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қазақ тіліне 5930 барлық санаттағы азамат тегін оқытылды. Осы жылдың соңына дейін аталған тегін курстармен 6000-нан аса адамды қамту жоспарланған.