Кәсіпкерлерге арналған тілдік «Start up» жобасы жүзеге асырылуда

Кәсіпкерлерге арналған  тілдік «Start up» жобасы жүзеге асырылуда

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерді қазақ тіліне оқытуға бағытталған тілдік «Start up» жобасы жүзеге асырылуда.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, қызмет көрсетудің әртүрлі салаларының қызметкерлерін күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға ынталандыру.

Жоғарыда аталған жоба бойынша 150 кәсіпкер мен қызмет көрсету өкілін оқыту жоспарланған.

Жобаға трамвай басқармасының қызметкерлері, қаламыздағы ірі сауда үйлері мен дүкендердің сатушылары, сұлулық салондардың шаштараздары, жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысуда.