Қазақ тілін оқытатын мамандарға арналған кезекті онлайн семинар өтті

Қазақ тілін оқытатын мамандарға арналған кезекті онлайн семинар өтті

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл сайын қазақ тілін оқытатын мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған онлайн семинарлар өткізіліп келеді. Осының жалғасы ретінде ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Баянауыл, Май, Тереңкөл және Павлодар аудандарының 50 тіл маманы үшін кезекті онлайн семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылатын қазақ тілі мамандарының біліктілігін арттыру болып табылады.

Аталған семинарда Торайғыров университетінің тіл білімінің тәжірибелі ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Баянгүл Қожахметова семинар қатысушыларымен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.