Банк өкілдерімен кездесу

Банк өкілдерімен кездесу

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2022 жылғы 10 тамызда Республикалық Банк филиалдарының Павлодар облысы бойынша өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуы және әрбір мекемедегі көрнекі ақпараттардың сауатты орналасуы, халыққа сапалы қызмет көрсету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар кездесуде облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының өкілдері тарапынан көрнекі ақпарат жөнінде және тұрғындардан кейбір нысандарда мемлекеттік тілде тиісті қызмет көрсетілмейтіні туралы келіп түскен өтініштер туралы баяндама жасалып, қоғамның барлық қызмет көрсету салаларында тұтынушы тілінде сапалы қызмет көрсетілуі тиіс екендігі айтылды.

Шара соңында қатысушылардың ұсынымдары тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.