«Тілдік Glamping»

«Тілдік Glamping»

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 6 тамызында Павлодар ауылындағы «Центр активного отдыха» демалыс базасында «Тілдік Glamping» атты шарасын өткізді.

Аталған шара өңірімізде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, қолданылу аясын кеңейту, әлеуметтік ролін арттыру, тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде өтіп жатқан «Тіл керуені – 2022» жобасының тыңдаушылары қатысып, мемлекеттік тілімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды қазіргі заманға сай сабақ түрлері: ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары арқылы үйренді. Қатысушыларды тілдік ортаға бейімдей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы тілдік ортаға енулеріне жағдай жасалды.