«Қазақ тілін деңгейлі оқыту мазмұны. Оқылым әдістемесі және сауаттылық функциясы» тақырыбындағы онлайн семинар өтті

«Қазақ тілін деңгейлі оқыту мазмұны. Оқылым әдістемесі және сауаттылық функциясы» тақырыбындағы онлайн семинар өтті

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл сайын қазақ тілін оқытатын мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған онлайн семинарлар өткізіліп келеді. Осының жалғасы ретінде 2022 жылғы 14-15 маусымда «Қазақ тілін деңгейлі оқыту мазмұны. Оқылым әдістемесі және сауаттылық функциясы» тақырыбында кезекті онлайн режимінде семинар ұйымдастырылды.

Онлайн семинардың мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылатын қазақ тілі мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған.

Аталған семинарға Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ақтоғай, Аққулы, Успен, Шарбақты аудандарынан 101 қазақ тілі оқытушысы қатысты. Торайғыров университетінің тіл білімінің тәжірибелі ғалымдары, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Баянгүл Қожахметова семинар қатысушыларымен өз тәжірибелерін бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

Аталған онлайн семинар жыл соңына дейін басқа да қала, аудандарда ұйымдастырылатын болады.