Облыс бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Облыс бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Өңірімізде тіл саясаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізілуде.

Осыған орай тілдерді дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі – оқыту болып табылады. Жыл сайын Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде облысымызда ересек азаматтар үшін қазақ тілін тегін оқыту курстары өткізіледі.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2022 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша 1101 адам қазақ тіліне тегін оқытылды. 2021 жылы 5930 барлық санаттағы азамат оқытылды. Осы жылдың соңына дейін аталған тегін курстармен 6000-нан аса адамды қамту жоспарланған.

Сонымен қатар ағымдағы жылы мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тіл керуені», қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» пен «Қазақ тілі онлайн курсы», «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» тілдік бранч атты жобалар іске асырылатын болады.

Қол жетімді қазақ тілі жобасы аясында көпшілік орындарда «QR-Қазақ тілі» кодтары орнатылды. Жоба арқылы қазақ тілін үйренуге ниет білдірген облыс тұрғындары жаңа форматта мемлекеттік тілді тегін оқып, меңгеруге мүмкіндік алады. Осыған қоса қазақ тілін үйрену үшін «Ana tili» мобильдік қосымшасы қолданылуда.

«ERTIS MÁDENIETI» инстаграм парақшасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту тақырыбында тіл жанашырлары мен қоғам белсенділерінің қатысуымен онлайн сұхбат ұйымдастырылды. Аталған шара жалғасын табуда.

Баспа беттері арқылы да қазақ тілін үйрету мақсатында облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде «Изучаем казахский язык» айдары тұрақты жариялануда.

YouTube әлеуметтік желісінде «Тіл Альянсы» арнасы ашылып, өңірдегі, оның ішінде қала, аудандарда тіл саясатына байланысты атқарылып жатқан шаралар көпшілікке видеоролик, дайджест арқылы жеткізілуде. Атап айтқанда тіл саясаты бойынша атқарылған шаралардың қысқаша ақпараттық шолуы туралы видеолар әзірленіп, осы тақырыпта 130-ға жуық видео жүктелді.

Сондай-ақ Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде барлық санаттағы азаматтарды қазақ тіліне тегін оқыту курстарының жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

Осыған орай курстарға жазылу және қосымша мәлімет алу үшін 61-84-88 байланыс телефонына хабарласуға болады. Мекенжайы: Ак. Марғұлан көшесі, 115, 3-кабинет.

Жалпы облыс бойынша мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеру үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалған

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.