«Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік – 2022» жобасының ашылу рәсімі өтті

«Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік – 2022» жобасының ашылу рәсімі өтті

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне орай «Ана тілі» орталығында «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» атты отбасылық тілдік бранчтың ашылуы кезеңі өтті.

Үш тілді оқыту бойынша курстың мақсаты тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру, отбасы институтында ұлттық тәрбиені дамыту.

Оқыту курсы әр сенбі мен жексенбі күндері екі ай бойы ұйымдастырылатын болады.

Жалпы тіл үйренуге ниет білдірген отбасыларға ұйымдастырылған бранчта тыңдаушылар бос уақыттарын отбасымен бірге өткізіп, әрі тілдік және коммуникативтік дағдыларды меңгереді. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тақырыптық сабақтар арқылы 90 тыңдаушы өздерінің сөздік қорларын толықтырып, мәдени-тілдік құзыреттіліктері мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Осы жобаның тыңдаушылары шығармашылық сабақтарға арналған оқу құралдары және қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі.

Шолпан Кинжикова (жоба авторы): «Тілді үйрену процесінде отбасылық тәсіл тәрбиелік мәнге ие екені баршамызға аян. Отбасылық негіздердің бірлігіне, оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, отбасындағы қатынастарды үйлестіреді. Жеке дара дамуына, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қабілетіне оң әсер етеді, ұжымда толеранттылықты ұштастырады. Демалыс элементтері қатысқан іс-шаралар коммуникативті түрде өзара әрекеттесуге оң әсер етіп, қарым-қатынас мәдениетін нығайтады».

Аталған жоба арқылы Павлодар қаласы мен Шарбақты аудандарынан келген 30 отбасыны оқыту жоспарланған.

Жобаның авторы, қазақ тілін меңгеруге бағытталған көптеген оқу-әдістемелік құралдар мен кітаптарды әзірлеуші, тәжірибелі қазақ тілі маманы, «Ана тілі» орталығы» ЖШС-ның директоры Шолпан Духтурбайқызы Кинжикова.