Павлодарда облыстық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» конкурсы өтті

Павлодарда облыстық  «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» конкурсы өтті

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында ағымдағы жылғы 27 сәуірде облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен этнос жастары арасында облыстық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты конкурсы өтті.

Аталған байқау өңірімізде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, қолданылу аясын кеңейту және әлеуметтік ролін арттыру, қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзіндіні жатқа оқыды, екінші кезеңде ұсынылған тақырып бойынша ой толғап, мақалдың мазмұнын ашты, ал үшінші кезеңде берілген тақырып бойынша эссе жазды.

Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Май ауданының үміткері Жумабекова Ксения иеленсе, II орынға Тереңкөл ауданының қатысушысы Мендрышора Дания және III орынға Успен ауданының үміткері Агадилова Любовь лайықты деп танылды.

Барлық қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.