Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы туралы онлайн кездесу өтті

Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы  туралы онлайн кездесу өтті

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 21 желтоқсанда қала, аудандардағы мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдері басшылары және мамандарының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында өңіріміздегі тіл саясатының жүзеге асырылуы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2021 жылы орындалуы,  мемлекеттік тілді дамыту мен қолдауға бағытталған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қалалар мен аудандардағы филиал жұмысының ахуалы, Әділет органдарында филиалдың құжаттарын қайта тіркеу, алдағы жұмыс жоспары, жергілікті жерде қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру мәселелері және келер жылға жоспарланған мақсат-міндеттер талқыланды.