Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының салтанатты жиыны өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы  облыстық филиалының салтанатты жиыны өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Достық үйінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының салтанатты жиыны өтті.  

Шараға облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманова және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, журналист Максим Рожин, облыстық филиалдың мүшелері, өңіріміздің қала, аудандарындағы филиалдардың төрағалары, жергілікті зиялы қауым өкілдер мен тіл жанашырлары қатысты.

Ертіс-Баян өңіріне арнайы келген Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин жоғарыда аталған жиынға дейін шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік тіл мәселелері бойынша қолдау көрсету фронт-кеңсесінің жұмысымен таныстырылып, Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің ұстаздарымен кездесіп, жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.

Достық үйінде өткен салтанатты жиын барысында қатысушылардың өңіріміздегі тіл саясаты, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі, қоғамның барлық саласында толыққанды қызметін қамтамасыз ету тақырыптарына сай тұшымды ойлары ортаға салынып, өңірімізде қазақ тілін дамыту бойынша сөз қозғалды.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманова және М. Рожин аймағымыздағы ұлтаралық бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңызына тоқталып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан облыстың бірқатар азаматтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамоталарымен, Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Аталған іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отыра ұйымдастырылды.