ӨНЕР МЕН БІЛІМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ӨНЕР МЕН БІЛІМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ӨНЕР МЕН БІЛІМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Мәтіұлы Қайыров пен Торайғыров университеті" КЕ АҚ Басқарма Төрағасы –?Ректор Садықов Еркін Тоқмұхамедұлы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта әдебиет, өнер  бойынша қазақтың ақын-жазушылары, әнші-күйшілері бойынша бірлесе отырып зерттеулер жүргізу, жылжымалы көрмелер ұйымдастыру, ғылым мен мәдениет аясындағы тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыру. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі тарихи мұраларды сақтау, қорғау мақсатында жеткен жетістіктерді насихаттау мақсатында екі жақты келісім түзілді.

Алдағы уақытта тараптар арасындағы тұрақты ақпарат алмасу, біріккен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өзге де бастамашылықтарды жүргізу, ғылыми бағыттағы зерттеулер қолға алынады.