Отыздан астам халықаралық байқаулардың лауреаты, жиырма екі жасар баяншы Олжас Нұрланов "74th Coupe Mondiale"ең беделді халықаралық байқауының әлем чемпионы атағына ие болды. Байқауды өткізу тарихында алғаш рет бірінші сыйлық пен әлем чемпионы атағы қазақстандық Орындаушыға бұйырды.

Қазақстандық баяншы Олжас Нұрланов әлем чемпионы атанды

Отыздан астам халықаралық байқаулардың лауреаты, жиырма екі жасар баяншы Олжас Нұрланов "74th Coupe Mondiale"ең беделді халықаралық байқауының әлем чемпионы атағына ие болды. Байқауды өткізу тарихында алғаш рет бірінші сыйлық пен әлем чемпионы атағы қазақстандық Орындаушыға бұйырды.

Әлем кубогы (Coupe Mondiale) ‒ бұл аккордеоншылардың халықаралық конфедерациясы өткізетін жыл сайынғы аккордеон және аккордеон орындаушылары сайысы. Байқау алғаш рет 1938 жылы Парижде өтті. Биыл ең беделді байқау 13-17 қазан аралығында Мюнхенде өтті. Чемпион атағы үшін бүкіл әлемнің орындаушылары бақ сынасты. Олжас өнер көрсеткен "Senior Coupe Mondiale" санатындағы байқау үш турда өтті. Байқаудың финалына жетіден төрт музыкант шықты. Олжастың орындауында Иоганн Себастьян Бахтың, Доменико Скарлаттидің, Ференц Листтің, Михаил Глинканың шығармалары және Владислав Золотарев пен Вячеслав Семеновтың Баянға арналған бірегей шығармалары орындалды.