13 қазан күні Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде режиссер, актер, драматург Әнуар Қаниұлы Қалиевтің 90 жылдығына арналған «Өнер тарланы» атты еске алу кеші өтті.
Әнуар Қаниұлына арналған «Сахна – менің өмірім» атты көрме қойылып, музей қорында сақталған жеке заттары мен естелік фотосуреттері ұсынылды.
Шараға Әнуар Қалиевтің ұрпақтары: қызы Жұлдыз Әнуарқызы, Динара Әнуарқызы қатысты.
Мәдени шарада қызы Жұлдыз Әнуарқызы, ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Арман Қани сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.
МӘДЕНИ ШАРА КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРҒА САЙ ӨТКІЗІЛДІ