Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің «Кішкентай бүлдіршiндер» атты бейнелеу өнері студиясының 25 жылдық мерейтойна орай ұйымдастырылған көрмесінің ашылуы өтті.
Экспозицияда Анохина Л.А., Кузнецова Л.А., Шахова Н.И., Решетова Н.В., Магзамова Л.М., Илларионова Л.Б., .Ловина О.И., Масленникова И.В., Мухаметкалина Г.М., Сидоренко О.В., Одарчук Е.А., Степанко Р.П, Даирова Г.Е., Смыков Д.С., Батмаева Д.К., Шарипова Т.К. сияқты көркемсурет мектебінің ұстаздарынан шығармашылық білім алып, бейнелеу өнері бойынша сабақ алған үздік шәкірттер мен түлектердің 50 шығармашылық туындысы орын тапты. Көрмедегі пейзаж бен натюрморт, портрет және тақырыптық композицияларды бейнелейтін шығармалар гуашь, акварель, фломастерлер мен түрлі түсті қарындаштармен орындалған.