Павлодарда тегін ағылшын тілі курстары басталды

Павлодарда тегін ағылшын тілі курстары басталды

2021 жылдың 20 қыркүйегінде Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін ағылшын тілі курстары басталды.

Шараның мақсаты – ағылшын тілінде  дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар лексикалық нормаларын үйрету.

Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, мәтіндерді аударуды, жай сөйлемдер құрастыруды, өзінің қайда тұратыны, жұмысы мен өзіне таныс адамдар туралы сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады.

Жалпы шараға 90 адам қатысатын болады. Курстың соңында тыңдаушылар емтихан тапсырып, сертификаттар табысталатын болады.