Павлодарда облыстық «Тіл шебері» конкурсы өтті

Павлодарда облыстық «Тіл шебері» конкурсы өтті

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай жастар арасында облыстық «Тіл шебері» конкурсы өткізілді.

Аталған байқау – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау, қолдау көрсету, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылар байқаудың талаптарына сәйкес «Елтаным» кезеңінде қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақтың жері және оның аймақтары туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндау, «Сөзтаным» кезеңінде қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді оқып, орыс және ағылшын тілдерінде мағынасын ашу, «Ойтаным» кезеңінде берілген тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы сынға түсті.

Үміткерлердің білімдері мен өнерлерін жергілікті ЖОО-ның ғалымдары бағалап, тілдерді меңгеру деңгейіне, үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуына,  жауаптардың нақтылығы мен дұрыстығына, үш тілде таза сөйлеуіне, сауатты жазу шеберлігіне мән беріп, шешімдерін шығарды.

Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орын Шарбақты ауданының   үміткері Қазбек Аяулымға бұйырса, II орынды Ақтоғай ауданының қатысушысы Искакова Гүлнар иеленсе, ал III орынға Екібастұз қаласының үміткері Байкенов Диас лайықты деп танылды.

Барлық қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Конкурс көрермендердің қатысуынсыз барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізілді.