«Қашықтықтан оқыту стратегиясы» тақырыбындағы онлайн семинар

«Қашықтықтан оқыту стратегиясы» тақырыбындағы онлайн семинар

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесін көбейту қарастырылған.

Аталған мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен жыл сайын қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған онлайн семинарлар өткізіледі. Осының жалғасы ретінде 2021 жылғы 22 маусымда «Қашықтықтан оқыту стратегиясы» тақырыбында кезекті онлайн режимінде семинар ұйымдастырылды.

Онлайн семинардың мақсаты - онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылатын тіл мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған болып табылады.

Аталған семинарға Екібастұз қаласы мен Ертіс, Ақтоғай аудандарынан 50 қазақ тілі оқытушылары қатысты. Торайғыров университеті тіл білімінің тәжірибелі ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова семинар қатысушыларына өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы оң пікірлерін білдірді. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

Аталған онлайн семинар жыл соңына дейін басқа да қала, аудандарда ұйымдастырылатын болады.