«Атаулардың қоғамдық мәні мен ұлттық мазмұны» атты семинар өтті

«Атаулардың қоғамдық мәні мен ұлттық мазмұны» атты семинар өтті

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2021 жылғы 30 маусымда «Атаулардың қоғамдық мәні мен ұлттық мазмұны» атты семинар ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – елді мекендердің тарихи, жер-су атауларын қалпына келтіру, ономастика мәселелерін талқылау және ономастика мәселесімен айналысатын мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

Аталған шараға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, тіл саясатына жауапты бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Семинарда мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жеке адамдардың есімін беру қағидалары туралы сөз қозғалып, қайта атау кезіндегі туындайтын басты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ жиында ономастика бағытындағы атқарылған жұмыстар бойынша Павлодар, Екібастұз қалалары мен Тереңкөл ауданы бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Шара соңында жұмыс  барысында кездесетін кедергілер ортаға салынып, олардың шешу жолдары қарастырылды.