«Бар мейіріміміз балаларға» акциясы

«Бар мейіріміміз балаларға» акциясы

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – баланың қуанышы мен шат күлкісі. Бүгінгі бала - елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Сондықтан Халықаралық балаларды қорғау күні – балаларға барынша көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсету барша азаматтың парызы болып табылады.

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Павлодар облысының мәденеиет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұжымы Павлодар қаласының № 1 сәбилер балабақша балаларына мейірімділік танытты.

Балабақша бүлдіршіндерін мерекелерімен құттықтап, оларға жылы лебізін білдіріп, мерекелік тәттілер мен сыйлықтар тарту етілді.

Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» - деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігіміз, қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік!

Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік!