«Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік»-2021» жобасының ашылу рәсімі

«Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік»-2021» жобасының ашылу рәсімі

2021 жылдың 17 мамырында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» атты отбасылық тілдік бранчтың ашылуы кезеңі өтті.

Аталмыш жоба арқылы Екібастұз, Ақсу қалаларының және Шарбақты ауданының 90 адамнан тұратын 30 отбасы оқытылуда.

Үш тілді оқыту бойынша курстың мақсаты тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру, отбасы институтында ұлттық тәрбиені дамыту болып табылады.

Жалпы тіл үйренуге ниет білдірген отбасыларға ұйымдастырылған бранчта тыңдаушылар бос уақыттарын отбасымен бірге өткізіп, әрі тілдік және коммуникативтік дағдыларды меңгереді. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тақырыптық сабақтар арқылы тыңдаушылар өздерінің  сөздік қорларын толықтырып, мәдени-тілдік құзыреттіліктері мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.