Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының отырысы өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы  облыстық филиалының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Достық үйінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының алқа отырысы өтті.

Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының мүшелері, қала, аудандардағы филиалдың төрағалары, сонымен қатар қаламыздың мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, мектеп ұстаздары, жергілікті ЖОО-ның лингвист ғалымдары мен студенттері қатысты.

Жиын барысында қатысушылардың өңіріміздегі тіл саясаты, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі, қоғамның барлық саласында, соның ішінде қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік және тағы басқа салалар жүйесіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету тақырыптарына сай тұшымды ойлары ортаға салынып, өңірімізде қазақ тілін дамыту бойынша ұсыныстар қабылданды.