Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған оқыту басталды

Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған оқыту басталды

2021 жылдың 12 сәуірінде Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға қазақ тілін оқыту басталды.

«Күн сәулесі» арнайы қазақ тілі курсының мақсаты зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың танымдық, бейімделу және мәдениетаралық қатынас дағдылары деңгейін арттыру болып табылады.

Оқу процесінде Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі шрифтпен терілген «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» оқу құралы кешені қолданылады. Рельефті-нүктелі форматтағы оқу құралы қоғамда кедергісіз орта құруға, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі тануына, көптеген ақпараттарға жол ашады.

Аталған оқу құралы осы санаттағы азаматтардың ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылғандықтан, оқулықтағы материалдар рельефті-нүктелі форматта саусақтардың моторикасы мен есту қабілеті арқылы қабылданады.

Аталмыш шараға 30 көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар қатысуда. Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.