«Жарнама сауаттылығы» облыстық акциясының ЕРЕЖЕСІ

«Жарнама сауаттылығы» облыстық акциясының ЕРЕЖЕСІ

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Жарнама сауаттылығы» облыстық акциясын жариялайды.

Акцияның мақсаты ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпараттарды, жарнамалардағы қателерді анықтау және ақпараттарды сауатты рәсімдеу мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Акцияның шарттары:

2021 жылғы 1 сәуір мен 25 сәуір аралығында акцияға қатысушылар облыс аумағында орналасқан ресімделуі тіл заңнамасына сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнамаларды  фотосуретке түсіріп, нысанның мекенжайын, атауын көрсете отырып, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының электронды поштасына (tilder32@gmail.com) ұсынулары қажет.

Акцияның белсенді қатысушылары марапатталатын болады.

Мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Марғұлан көшесі, 115

Байланыс телефоны: 8 (7182) 61-84-88, 61-85-99

Электронды поштасы: tilder32@gmail.com