«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының ЕРЕЖЕСІ

«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының  ЕРЕЖЕСІ

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын әзірлеу және көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа тұжырымдамалық тәсілдерге сәйкес этнос өкілдері арасында онлайн режимде «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясын жариялайды.

Акцияның мақсаты: Өңіріміздегі тіл саясатын іске асыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, жастарды еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Акцияның талаптары:

  1. Акцияға қатысатын үміткерлер Наурыз мейрамына байланысты қазақ тіліндегі құттықтау жазылған бейнероликті (ерекше, сапалы және креативті түрде түсірілген видеоның ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс) жолдау қажет. Жарияланымда құттықтау оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны міндетті түрде айтылуы тиіс.
  2. Акция облысымыздың этнос өкілдері арасында өткізіледі.

«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясына қатысуға ниет білдірген облыс тұрғындарын мына мекенжайға хабарласуын сұраймыз: Павлодар қаласы, Ак. Марғұлан көшесі, 115, 3-кабинет, тел. 618488, 618599. E-mail: tilder32@gmail.com.