«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының қорытындысы

«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының қорытындысы

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы шеңберінде этнос өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясы өткізілді.

Шараның мақсаты – өңіріміздегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, жастарды еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Акция барысында облысымыздың этнос өкілдері Наурыз мейрамына байланысты ерекше, сапалы және креативті түрде түсірілген қазақ тіліндегі құттықтау жазылған бейнероликті жолдап, өз бақтарын сынады. Акцияға мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері, мектеп ұстаздары мен оқушылары, колледж бен ЖОО-ның студенттері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты. Акцияға барлығы 50-ден астам адам қатысты. Қазылар алқасы ұсынылған бейнероликтердің ішінен оқу дағдылары, дұрыс айтылу, дикция және акция ережелеріне сәйкес басқа да талаптар ескерілген 30 үздікті іріктеп алды.

Іс-шараға белсенділік танытқан қатысушылар басқарма тарапынан дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.