Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелерімен онлайн кездесу

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының  мүшелерімен онлайн кездесу

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова өңіріміздегі мемлекеттік тіл саясаты мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамының мәселесі бойынша ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді.

Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы мен қала, аудандардағы бөлімшелердің жетекшілері, жергілікті мәдениет, тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Онлайн кездесу барысында Екібастұз қаласы мен Шарбақты ауданында елімізде тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу барысы бойынша есебі тыңдалды. Бұл ретте, Самал Бегалинова жауапты мекеме басшыларына мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында бөлінетін қаражатты тиімді пайдаланып, тегін тіл үйрету курстарына барлық санаттағы азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Самал Балғабайқызы жақында ғана облыстық «Қазақ тілі» қоғамы филиалының төрағасы лауазымына тағайындалған, «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Әбішев Асыл Әлімжанұлын таныстырды.